Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылжарда республикалық қарилер жарысы мәресіне жетті

26.10.2015 1264 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының бастамасымен  Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде 22-23 қазан күндері өңіріміздің біртуар азаматы, қари  Ғабдулбари Төлегенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған  Құран қарилардың жарысы өз мәресіне жетті.

Жарыс алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Құран жарысына келген қонақтарды құттықтап, Құран жарысына қатысушы қариларға сәттілік тіледі.

Бұл алқалы жиынға арнайы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанұлы келген болатын. Өз сөзінде жарыстың жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тілеп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы құттықтауын жеткізді: «Қымбатты қарилар! Бүгінгі байқауда абыроймен топ жаруларыңызға тілектеспін. Бүгінгі сыннан сүрінбей өтетіндеріңізге мен сенемін. Сіздерге Алла жар болсын!» деді Сансызбай Шоқанұлы.

Бірінші күні еліміздің әр облысынан келген 30 қари таңертеңгі сағат 10:00-ден бастап, Құран оқуда өз бақтарын сынады. Жарыстың бірінші кезеңі кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасты. Әділ қазылардың шешімімен  келесі он қари екінші кезеңге өтті.

Жарыстың екінші күні бақтарын сынаған он қари өздерінің Құран жаттауда, оны мәнерлеп оқуда аса біліктіліктерін көрсетіп, мешітке келген халықтың ықыласына бөленді.

Жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Шымкент қаласынан келген Шаисмаилов Шавкат (1000000 теңге), 1-орынды Алматы қаласынан келген Құрбан Яхия (700000 теңге), 2-орынды қызылжарлық қари Амиршоев Умар (500000 теңге), 3-орынды Алматы облсынан Есмұрзаев Бауыржан (300000 теңге) иеленді. Бірінші кезеңнен кейін сүрінген 20 қариға 50000 теңгеден ынталандыру сыйлығы таратылды.

Жарыс соңында «Қызылжар» жұртшылығына дастархан жайылып, қаламыздың «Погодина» театрында рухани кеш ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат