Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Тұғырнама жастардың басты назарында

18.11.2015 892 0 пікір

СҚО бойынша «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен және жастар ісі бөлімінің қолдауымен жастар арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында ҚМДБ-ның тұғырнамасы және мұсылманның шынайы келбеті турасында кеңінен түсінік берілді. Мешіттің наиб имамы Қ.Исаев тұғырнама жайында сөз етсе, жастар ісі бөлімінің өкілі А.Алыпқашев жастарға арнап қазіргі мұсылманның шынайы келбеті жайында сөз өрбітті.

Мешіт жастары мен қоса келелі кездесуге әр түрлі жас мамандар қатысып, өз сұрақтарын қойды. Кездесу соңында «Қызылжар» орталық мешітінің арнайы тапсырысымен жинақталып жасалған, имамдар форуымындағы бекітілген құжаттар кездесуге жиналған жастарға таратылды.

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат