Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Имамға ШҚО әкімі құрмет көрсетті

24.11.2015 975 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы қызметін табысты атқарып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ақтөбе өңіріне өкіл имам қызметіне тағайындалған Нұрлан қажы Байжігітұлына құрмет көрсету шарасы болып өтті.

Шығарып салу рәсіміне облыс әкімі Д.Ахметов, ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Бас имамы қызметіне жаңа тағайындалған  Ермек қажы Тасболатұлы, облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар, Өскемен қаласы әкімі, облыстық басқарма, департамент басшылары және өңірдегі діни бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар қатысты.

Жиында сөз алған облыс басшысы Д.Ахметов өңірдегі ұлтаралық ынтымақ пен діндердің татулығын нығайту, Ислам дінінің құндылықтарын орнықтыру, халықты имандылыққа бастаудағы ерен еңбегіне облыс халқы атынан рахмет айтып, ұлттық дәстүр бойынша иығына шапан жауып, облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.

Облыстағы діни бірлестік жетекшілері сөз алып, діндер арасындағы татулықты сақтап, үздік қызмет үлгісін көрсеткендігі үшін оған рахмет айтып,  «Алғыс» төсбелгісін тақты.

Басқосуда ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері кезек-кезегімен сөз алып, Нұрлан қажының Ислам дінін насихаттау,  халықты бірлікпен ынтымаққа ұйыту, діни құндылығымзды қастерлеу жолындағы облыста атқарған істеріне риза болғандығын жеткізе келе, алдағы қызметінен табыс тілеп, ізгі тілек білдірді.

Нұрлан қажы Байжігітұлы сөз алып, өзін әркез қолдаған облыс әкімініне, Шығыс Қазақстан халқына зор алғысын білдіріп, Алла жолында бар күш жігерін жұмсап, қызмет атқарғанын айта келе, халқымызға амандық пен бейбітшілік тіледі.

Сонымен қатар облыс басшысы ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалған Ермек қажы Тасболатұлына сәттілік тілеп, бірлесе жұмыстауға сенім білдірді. 

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат