Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Тұжырымдама насихатталды

08.12.2015 968 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкілдігінде аудандар мен қала мешіт имамдарының алқалы басқосуы өтіп, мұнда «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» таныстырылды. Іс-шараға облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы А.Турганбаев, «Алтай» қайырымдылық мекемесінің директоры М.Өсерхан, төрағасы М.Жұлдыз қатарлы тұлғалар қатысты. Жиында өкіл имам Ермек Мұқатай тұжырымдаманың басты мақсаттары туралы баяндай келіп, аталған құжатты жамағатқа кеңінен насихаттау, діни білім берудегі оның маңыздылыңы туралы имамдарға нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар жиында облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Тұжырымдамаға байланысты өзінің пікірін білдірді. «Бұл діни білім беруді дамыту туралы бірегей құжат, мұны аудандармен қалаларда жан жақты насихатталу керек деп ойлаймын» деп атап өтті, ол.

Аудан имамдары да өз мешіттерінде жүріп жатқан дәрістер туралы айта келіп, жамағатты діни сауаттандыруда бұл аса маңызды құжат екендігін, оның діни оқытуды жүргізудегі мақсаттарды жүйелеген ерекшелігін баяндады.

Жиында аудан имамдарына тұжырымдама кітапша ретінде таратылып, аудандарда насихаттау шарасын өрістету міндеттелді. 

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат