Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мұз басқан аймақта алғашқы мешіт ашылады

21.12.2015 1419 0 пікір

Канаданың Нунавут провинциясында алғашқы құлшылық ордасы ашылатын болды. Провинцияның Арктика аумағына қарасты ауданындағы алғашқы мешіттің ашылуын жергілікті мұсылман жамағаты ұзақ жылдар күткен болатын. Ауа-райының қолайсыздығы мен құрылыс заттарын жеткізу қиындықтары олардың асыл армандарының орындалуына кесірін тигізіп келген еді.

«Зубайда Талиб» деп аталатын ислам қайырымдылық ұйымының менеджері Хуссейн Гуистидің айтуынша, мешіт тұрғызу жолында көптеген қиындықтар кездескен. Провинциядағы жер телімінің бағасы тым қымбат болғандықтан, олар коммуникация желісі тартылмаған жер сатып алған. Ал, коммуникация желісін жүргізу жұмыстарының өзіне 270 мың доллар қаржы кеткен.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталмаған. Құлшылық ордасының есіктерін орнату секілді ұсақ-түйек жұмыстары аяқталысымен, 31-желтоқсан күні арнайы ашылу салтанатын өткізу жоспарланып отыр.

hibatulla.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат