Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жат ағым – жат дүние!

23.12.2015 853 0 пікір

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің өкілі Ержан Аманбаевтың ұйытқы болуымен «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам университетінің магистрі, Алматы қаласы «Қарағайлы» мешітінің Бас имамы Ермек Жамбылұлымен  кездесу өтті. 

Аталмыш іс-шара №47 мектеп оқушыларымен, «Нұр Отан» партиясының ғимараттында белсенді жастармен және де «Бегалы ата» мешітінде жамағатпен уағыз-насихат жүргізілді.

Жат ағымдардың алдын алып, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткен жиында жастар – ел болашағы, жастар тәрбиесі, иманды да ибалы жастар турасында тілге тиек болды. Сондай-ақ, радикалды ағымдардың зардаптары мен зияндары сөз болды.

Алматыдан ат артып келген Ермек Жамбылұлы жастарға ой салар сүбелі сөз сөйлеп, рухты сілкіндірер уағыз айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат