Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Мүгедектерге мейірімділік танытайық» айлығы аясында....

03.03.2016 339 0 пікір

Діни басқарманың тапсырмасы бойынша «Мүгедектерге мейірімділік танытайық» айлығы жарияланып, осы айлық аясында еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылық шаралары кеңінен өріс алуда.

Осы акция аясында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі облыс орталығындағы «Үлбі» әлеуметтік сауықтыру орталығында мүгедек балаларға қайырымдылық шарасын өткізді. Мұнда жеткіншектерге облыстық мешіт атынан тәттілер мен ойыншықтар үлестірілді.

Іс-шара барысында мүгедек жеткіншектер әуелете ән салып өз өнерлерін ортаға паш етті. Бір сәт болса да ортаны қызықты әсерге бөледі.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы сөз сөйлеп, дініміздегі қайырымдылық пен мейірімділіктің теңдессіз сауапты іс екендігін көркем оймен жеткізді.

Соңынан өкіл имам осы шара туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Үлбі» әлеуметтік сауықтыру орталығының басшылығы осындай игі істі ұйымдастырғаны үшін өкілдікке алғыс білдірді.

 ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат