Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бас мүфтимен «Нұр-Мүбарак» университетінің 15 жылдығына арналған халықаралық конференция талқыланды

29.04.2016 1695 0 пікір

«Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болды. Кездесудің мақсаты университеттің 15 жылдығына арналған халықаралық деңгейдегі конференцияның жай жапсарларын талқылау. Сондықтан  кездесуге «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім, Аппарат жетекшісі Болатбек Абуов, Дін және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Әкімбеков те қатысты.

«Нұр-Мүбарак» университетінің 15 жылдығына арналған халықаралық конференция «Ислами оқу орындары және олардың теріс түсініктерге қарсы тұрудағы рөлі» деп аталмақ. Онда негізінен жаңсақ пікірлердің шығу тарихы, араб тілі және діни орталықтар, медреселердің қазақ жеріндегі теріс діни пікірлерді жоюдағы орны, «Нұр-Мүбарак» университетінің тура діни білімді қалыптастырудағы рөлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазақ жеріндегі дәстүрлі ислам дінін дамытудағы орны туралы  мәселелер қамтылмақ.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  шет елдік делегациялар, ғалымдар, дін қайраткерлері қатысатын халықаралық басқосуды жоғары деңгейде өткізуге қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстар жасады. Әлбетте еліміздегі ҚМДБ-ның өкіл имамдары, Алматы қаласының имамдары қатысып, мүмкіндігінше шет елдік ғалымдардың білімі мен білігінен тағылым алып, бұл шараны  тиімді  пайдалану жақтары сөз болды.

Сондай-ақ мамырдың 14-15-де Мысырда өтетін халықаралық конференцияға Қазақстан тарапынан қатысу  мәселесі де алқалы кездесуден шет қалмады.

Айша КЕҢЕСБАЙ,
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат