Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Рио Олимпиада ойындарының қатысушылары халал ас жейді

09.08.2016 1447 0 пікір

Бразилия Ислам орталығы Олимпиада ойындарына қатысатын мұсылман спортшыларды халал тағамдармен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр.

Олимпиада кезінде, исламның нормалары мен талаптарына сай кем дегенде 8000 спортшы мен мұсылман елдері делегацияларының мүшелері қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

Олимпиада ауылында қазірдің өзінде жекелеген асханалар жұмыс істеп тұр. Оған азық-түлік дайындау процесі және жеткізу бразилиялық ислам орталығының бақылауымен жүзеге асырылады.

Халал азық-түлік дайындауда аспаздар мен даяшылар оңай танылатын униформамен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, Олимпиада қалашығында 18 мың спортшы және спорт делегацияларының мүшелері тұрып жатыр, ал оның 8 мыңы «Халал» белгісі бар тағаммен қамтамасыз етілуде.

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат