Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны жарық көрді

29.08.2016 1085 0 пікір

Басылымның қыркүйек айындағы саны жарық көрді. Онда жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Мақалалардың дені қажылық пен құрбан айтқа арналған. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақаласымен ашылған. Одан әрі «Сахих хадистер» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Қажылық – парыз», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Тин» сүресі», «Күнтізбе» айдарымен «Зұл-хижжа – қасиетті ай», «Уәжіп» айдарымен «Құрбан айт – ұлық мейрам», «Білгенге маржан» айдарымен «Айт мерекесі», «Уағыз» айдарымен «Қасиетті құлшылық немесе «өлмей тұрып өліңдер»», «Жаттап айтыңыз» айдарымен «Қажылықта оқылатын дұғалар», «Түсіндірме» айдарымен «Пайғамбарымыздың () қабірін зиярат ету» және «Қандай мал құрбандыққа шалынады?», «Дін тәрбие» айдарымен «Қажылық пен ұмраға тең сауап», «Жәннатқа апарар пырақ», «Парыз» айдарымен «Зекет алуға кім құқылы?», «Даналық» айдарымен «Қарттың айтқанын істе» мақалалары жарық көрді.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Көрікті мешіт-2016» айдарымен «Нұғыман мешіті – байқау жеңімпазы», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Тіс түзету дұрыс па?», «Әдеп» айдарымен «Мешітке кіру тәртібі», «Дертке дауа» айдарымен «Ашығып емделсең... сауығасың», «Ғибратнама» айдарымен «Шараит-ул-Ислам», «Абайла да сақтан» айдарымен «Күнә ұятты кетіреді», «Сұқбат» айдарымен «Мұсылманға жарасар – әділдік пен мейірім», «Зерде» айдарымен «Діни терминдермен танысайық», «Дәстүр» айдарымен «Нағашы мен жиен», «Тарихи тұлға» айдарымен «Әйтеке би Бәйбекұлы», «Ұлағат» айдарымен «Имандылық жырлары», «Адасқандар» айдарымен «Қазақтар Сирияда неге соғысып жүр?», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Ғаламдағы ұқсастық» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2017 жылға жазылу басталып жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;

2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;

3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға –
3127 теңге 56 тиын.

Бір жылға толық жазылсаңыз, басылымнан қол үзбейсіз.

Ал, мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.  

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С   KZ 288560000005684077

АО    «Банк Центр Кредит»

БИК  KCJBKZKX

KBE  17 

РНН  600900658515

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:

8 (727) 397 63 84, 397 63 91,  +7 778 948 74 10

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат