Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылжарда мемлекет пен діндер диалогы тақырыбында конференция өтті (ФОТО)

26.09.2016 473 0 пікір

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің  25 жылдығы: мемлекет пен діндер диалогы – ел тұрақтылығының негізі» деген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш шараға аудандардың бас имамдары, курсанттар және студенттер қатысты.

Мұндай келелі кеңестің өңірімізде өткізілуі тектен-тек емес: діни ахуал аймағымызда біршама тұрақты. Осыны алдымен атап көрсеткен Солтүстік Қазақстан облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратбек Зейнуллин  конференцияда баяндама жасады. Конференцияда Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкерлері Т.Әбуов пен Г.Новикованың және Дін істері комитетінің бас сарапшысы Б.Шеризданов пен Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы С.Ыбыраеваның хабарламалары тыңдалды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілі Кенжетай қажы Байкемелұлы дін және дәстүрлі құндылықтар туралы баяндама жасады. Облыс имамы өз сөзінде: «Аллаға сансыз шүкір, Отанымыз бар. Жаратушы Иеміздің берген сыйын, Тәуелсіздіктің қадірін түсіне білуіміз қажет. Асыл дініміз - Исламда бес нәрсені: Отаныңды, дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау – салиқалы һәм сауапты амал, ізгі іс» екенін атап өтті. Конференцияда өзге дін өкілдері де лебіздерін білдірді. Бұл бас қосу Үндеу қабылдаумен аяқталды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат