Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Салт-дәстүр жас ұрпаққа өнеге» шарасы өтті (ФОТО)

14.03.2017 842 0 пікір

«Салт-дәстүр жас ұрпаққа өнеге» – «Қызылжар» орталық мешіті әйел-қыздар секторы осындай тақырыппен игі шара өткізді. Оған тәжік диаспорасының қыз-келіншектері де қатысты.

Шара қасиетті Құран аятын оқуымен басталды. Әйелдер жамағатына сұрақтар қойылып, қатысушылардың жауаптарын қазылар алқасы бағалап отырды. Толымды жауаптар мен көзге түскендер сый-сияпатқа ие болды.

Шара аясында қыз балаларға сәлемдесу тәртібі түсіндіріліп, «Әже мен немере» атты сахналық қойылым қойылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат