Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қазақстанның діни интерактивті картасы (Павлодар облысы)

Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Облыс халқы 2012 жылғы 1 қаңтарда 747,1 мың адамды құрады. Облыс бойынша (1 км² аумаққа) халық тығыздығы орта есеппен 6 адамды құрайды. Қала және ауыл тұрғындарының саны 514,4 мың мен 232,7 мың адамға тең. Облыста әйел тұрғындар тұрғындардың жалпы санының 52,9%, ал ер адамдар — 47,1% құрайды. 2012 жылғы 1 қаңтардағы кезеңге сәйкес Павлодар облысында 0-15 жас (жалпы санның 21,2%) аралығындағы балалар саны - 158,2 мың, 16-63 (58) жастағы тұлғалардың саны - 491,7 мың (65,8 %), 63 (58) жастағы егде адамдар мен олардан жоғары жастағы адамдар саны — 97,2 мың (13 %). 2011 жылы халық санының табиғи артуы 4682 адамды немесе халықтың 1000 адамына 6,3 құрады, бұл орта республикалық көрсеткіштің 54,3% немесе екі еседен артық болып табылады. 2011 жылы 1000 адамға неке қию саны 9,4 және 1000 адамға ажырасу саны— 4,0 құрады. Павлодар облысы халықтың жоғары көші-қонымен ерекшеленеді, көші-қон айырмасы соңғы бес жыл ішінде теріс сипатта келеді. Көшіп-қонушылар көп бөлігініңТМД елдеріне жылыстауы байқалады. Өзге елдерден көшіп-қону айырмасы соңғы бес жылда оң көрсеткішті көрсетіп келеді.