Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қазақстанның діни интерактивті картасы (Оңтүстік Қазақстан облысы)

Оңтүстік Қазақстан облысыҚазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

2011 жылдың санағы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 2,18 млн адам  тұрады. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), әзербайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.