Туған жылы, жері: 23.12.1986 ж. ШҚО Аягөз қаласы.
Білімі:
1993-2004 – Аягөз қалалық №5 орта мектепте оқыған;
2004-2008 – Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті;
2008-2010 – «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде магистратура.
Еңбек жолы:
2011-2012 – Алматы қаласы Бостандық ауданының «Орбита» мешітінде азаншы қызметін атқарды;
2012-2013 – Алматы қаласындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтында ұстаз.
2013-2014 – ШҚО Аягөз қалалық мешітінде наиб имам;
2014 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Аягөз қалалық мешітінде бас имам;
2020 жылдың желтоқсанынан айынан бастап ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы қызметін атқарды.
2023 жылдың наурыз айында Астана қаласының «Әлжан ана» мешітіне бас имам болып тағайындалды.
Еңбектері:
1. «Ислам әдептері» кітабы, 313 бет. Алматы 2013 ж.
2. «Көркем мінез» кітабы. 407 бет. «Munara» баспасы, Алматы 2018 ж.
3.Исламтану және араб филологиясы мәселелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (2010ж). «Абай туындыларының хадистермен үндестігі» атты мақала.
4. «Ислам әдептерінің энциклопедиясы», «MUFTIYAT» баспасы, 2022 ж.
Қосымша біліктілік:
2012 – Алматы қаласындағы имамдар институты;
2015 – Мысыр еліндегі әл-Азһар университетінде үш айлық білім жетілдіру курсы;
2017 – «Нұр-Мүбарак» университеті жанынандағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты.
Үйленген, 5 баласы бар.