Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАСТЫ БАҒДАР

БАСТЫ БАҒДАР

19.01.2021 3419

Бас мүфти

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ

1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген

Білімі:

1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған.
1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында оқыған.
2009 жылы Мысыр Араб Республикасында діни білімін жетілдірген.
2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша сырттай оқып, жоғарғы білім алған.
2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
2017-2020 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.

 

Еңбек  жолы:

1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен еңбек жолын бастаған. 
2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы.
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқарманың Бас сарапшысы.
2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы.
2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкіл имамы.
2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы.
2020 жылдың 7 ақпанында елордасы Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ құрылтайында Бас мүфти болып сайланды.

 

Еңбек жолындағы жетістіктері:

Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен 2002-2005 жж. құрылыс жұмыстары сәтті жүргізіліп, Аягөз қаласындағы орталық мешіт пен Жаңаауыл мешіті ашылды.
2010-2011 жж. Қарағанды ​​қаласындағы орталық мешіттің құрылысына үлес қосты. Қарағанды ​​облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» жобаларын жүзеге асырды.
Республикалық БАҚ-та жарияланған діни-рухани-танымдық мақалалардың, сондай-ақ «Үміт сәулесі», «Мазхабсызбен сұхбат» кітаптарының авторы, сонымен қатар, оның жетекшілігімен келесі кітаптар жарық көрген: «Избранный из тафсиров» төрт томдық, екі тілде; «Ихсан – рухани тәрбиенің негізі» екі тілде; «Толық Адам»; «Қазақстандағы ислам тарихы» және «Патуалар жинағы» кітабының үшінші жинағы.
Түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» жобасының бастамашысы әрі жетекшісі.

 

Марапаттары:

Құрмет» орденімен марапатталған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасымен марапатталған.
Аягөз ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20, 25, 30 жылдығы медальдарының иегері.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» және «ҚМДБ-ның 30 жылдығы» мерейтойлық медальдарының иегері.
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ғылыми кеңесі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Ғылыми кеңесі, Қожа Ахмед Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен «Құрметті профессор» атағы берілді.
Қарағанды ​​облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша «Парасат» орденімен наградталды.