Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: Ауыл имамдары баспаналы болды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 28.03.2024 413 0 пікір
Алматы облысы: Ауыл имамдары баспаналы болды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясының жетінші және сегізінші баспана кілті Алматы облысында табысталды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі бастаманың кезекті шарасында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы республика бойынша «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 727-баспана кілтін Іле ауданы Жаңадәуір ауылдық «Айтақын ата» мешітінің имамы, көпбалалы әке Машрап Әбілдаұлына қызметтік пәтер ретінде табыс етті. Дін қызметкерлері де, баспаналы болған отбасы да мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асуына атсалысып, қолдау көрсеткен құлшылық үйінің жамағатына алғысын білдірді.

Сондай-ақ облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы республика бойынша 728-баспана кілтін Қарасай ауданы Шамалған ауылдық «Жеткербай ата» мешітінің имамы, көпбалалы әке Бегасыл Дінасылбекұлына қызметтік пәтер ретінде табыс етті. Дін қызметкерлері де, баспаналы болған отбасы да мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асуына атсалысып, демеушілік көрсеткен ағайынды Серік және Берік Жеткербайұлдарына алғысын білдірді.

Айта кетейік, берекелі айдағы «30 күнде 30 баспана» акциясы «Ел үлесі –  пәтерге» республикалық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру