Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында қаладағы «Жәрімбет» мешітінде «Қайырымдылық – бірлік бастауы» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, намаздан соң жамағатпен бірге ел амандығы үшін дүға жасады.
Сонымен қатар кешкілік Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешіті және Төретам кентіндегі «Ар-Рахман», «Мүсірәлі сопы Әзіз» мешіттерінің жамағатымен кездесті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру