Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.
1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.