Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 ж. Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 ж. кейін қазіргі атауға ие болған. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстігік шекаралары Каспий теңізіне келіп тіреледі. Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан.
Облыс орталығы - Атырау қаласы.
2007 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 480,7 мың адам болды. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды.